Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сейсенбі, 29 қараша, 19:08

Қызылорда облысында электр сиреналары қосылады

23.11.2022

43

0

Қызылорда облысында биылғы жылдың 24-25 қараша күндері қысқы оқу-жаттығулардың өткізілуіне байланысты электр сиреналары қосылады. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізеді. Жаттығу «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбы бойынша өтеді. Аталған шараға байланысты қарашаның 24-25 күндері электр сиреналары қосылатын болады. Сіздерден үрейге берілмеуді және тыныштықты сақтауыңызды сұраймыз», – делінген департаменттің хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Шиелі ауданында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілетінін хабарлаған болатынбыз. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыру нұсқауына және Қызылорда облысы әкімінің билығы жылдың 16 қарашадағы нұсқауына сәйкес, 24-25 қараша аралығында аймақта «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Оқу-жаттығудың облыстық штабы 24 қарашада Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде құрылады.  

316409511_1340100076734597_8811953689861033348_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: