Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 23 қыркүйек, 13:18

Қызылорда облысының Алматыдағы өнер күндері Тұрмағамбет оркестрінің концертімен қорытындыланды

23.09.2024

49

0

 Кеше Қызылорда облысының Алматыдағы өнер күндері Құрманғазы оркестрінің концерт залында өткен «ЖЫР – ҚАЗЫНА, КҮЙ – КҮМБЕЗ» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концертімен қорытындыланды.

Оркестр репертуарында халық әндері және Қазақстан композиторларының туындылары, классикалық шығармалар бар.

Концертте Сыр сүлейлерінің жыр-термелері шеру тартып, ақындар өлең оқыды. Қорқыт бабадан бері үзілмеген қобыз сарыны тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Айта кетейік, 2007 жылы құрылған өнер ұжымы осыған дейін облыс әкімдігінің қолдауымен бірнеше мәрте шет елдерге гастрольдік сапармен барды.

Бүгінгі концертте де халық аспаптар оркестрінің өнеріне Алматы жұртшылығы ризашылықпен қошемет көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: