Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жұма, 17 сәуiр, 14:45

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

17.04.2026

5

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын, осы ретте «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» партиялық жобасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді.

Басты мақсат – қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыру және тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіну.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партия мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Бүгінгі ұйымдастырылған акцияға 50-ден астам партияластар белсенділікпен қатысты. Жалағаш кентіндегі Жеңістің 50 жылдығы көшесінің бойында орналасқан І.Қабылов атындағы саябағына тал егу жұмыстары оның ішінде, қураған талдармен шөптерді тазарту, арық қазу жұмыстары жүргізілді.

#AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: