Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 21 ақпан, 00:10

«Қызылорда-Жезқазған» жолының қалған бөлігін салу қашан басталады?

17.02.2025

94

0

 ҚР Көлік министрлігі «Қызылорда-Жезқазған» жолының құрылысын аяқтау, жобаны қаржыландыру жұмыстарына қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– «Қызылорда – Павлодар – Успенка» дәлізін дамыту аясында екі өңірді жалғайтын ұзындығы 400 шақырымды құрайтын «Қызылорда – Жезқазған» автожолының Қызылорда облысының (192 шақырым– 5 лот) және Ұлытау облысында (208 шақырым – 8 лот) өтетін учаскесін реконструкциялау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Қайта құру қорытындысы бойынша автожол II техникалық санатқа енгізіледі. Қызылорда облысы бойынша қайта құру жұмыстары 2022-2023 жылдар аралығында басталған. Аталған жұмыстар Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен іске асып отыр (2022 жылы 3-тен 6-ға дейінгі лоттар, 2023 жылы 2-лот бойынша). Қазіргі кезде жұмыстар 6 учаскенің 5-інде қамтылған. Жобаның жалпы ұзындығы – 192 шақырым. 2024 жылдың соңында 192 шақырым жолдың 151-інде жаңа жабын бойынша қозғалыс қамтамасыз етілді. Оның ішінде 89 шақырымында (4,5,6 лоттар) жұмыстар толық аяқталды. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін жобалық жұмыстарды толық аяқтау жоспарланған, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар, Ұлытау облысы бойынша қайта құру жұмыстары жалпы ұзындығы 208 шақырымды құрайтын 8 учаскеде қамтылады. Жобаны іске асыру Азия даму банкінің тартылған қаражаты және республикалық бюджеттің есебінен жоспарланған.

– Қазір жоба бойынша конкурстық рәсімдер атқарылып жатыр, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға келісімшарттарға қол қойылды. Мұнымен қоса, жоба аясында техниканы, қызметкерлерді жұмылдыру және вахталық қалашықтар мен өндірістік базаларды орналастыру бойынша іс-шаралар атқарылып отыр. Сондай-ақ әкімдікпен бірлесіп, карьерлерді ресімдеу үшін жерді уақытша бөлуді және рұқсат беру құжаттарын ресімдеу бойынша жұмыстар басталды, – деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: