2020 жылдың қорытындысы бойынша COVID-19 және вирустық пневмониямен күреспен айналысатын аймақтың 15 536 медицина қызметкеріне қаржылық қолдау көрсетілді. Өткен жылда бұл мақсатта 3 млрд. 002 986 мың теңге бағытталды. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.
2020 жылдың наурыз айынан 2021 жылдың қаңтарға дейін ынталандыру төлемдері бөлінді:
- наурызда – 476 медицина қызметкеріне 63 291,2 мың теңге сомасында;
- сәуірде – 1 921 медицина қызметкері, 319 305,9 мың теңге;
- мамырда – 1 784 медицина қызметкері, 317 273,2 мың теңге;
- маусымда – 1 906 медицина қызметкері, 419 430,9 мың теңге;
- шілдеде – 3 452 медицина қызметкері, 947 557,1 мың теңге;
- тамызда – 2 453 медицина қызметкері, 407 345,1 мың теңге;
- қыркуйекте – 839 медицина қызметкері, 96 410,1 мың теңге;
- қазанда – 896 медицина қызметкері, 124 207,2 мың теңге;
- қарашада – 825 медицина қызметкері, 138 734,5 мың теңге;
- желтоқсанда – 984 медицина қызметкері, 169 430,7 мың теңге;
- 2021 жылғы қаңтар айында – 1062 медицина қызметкеріне 152 767,9 мың теңге сомасында.
Естеріңізге сала кетейік, көтермелеу сомасы еңбек жағдайларының қауіптілік дәрежесіне байланысты және сәйкесінше 20, 10 және 5 ЕТЖ құрайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!