Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Дүйсенбі, 26 қыркүйек, 05:34

Қызылордада 120 сотталған кәсіптік колледжге оқуға қабылданды

06.09.2022

17

0

 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 120 сотталған кәсіптік колледжге оқуға қабылданды. Олар 2022-2023 оқу жылына төрт мамандық бойынша өтініш білдірген. Өтініштері мекеменің комиссия отырысында іріктеліп қабылданды.  

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Бақыт Абилованың айтуынша, олардың жеке істері қаралып, бұрын кәсіби білім алмағандарға басымдық беріледі. 

Жазасын өтеушілер жыл сайын үш мамандық, яғни, «Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері», «Электрмен және газбен дәнекерлеуші», «Тігінші» бойынша білім алса, биылғы оқу жылынан бастап «аспаз» мамандығы қосылды. 2021-2022 оқу жылында 61 сотталған кәсіптік білім алып, диплом алды. Жаңа оқу жылында 120 сотталған оқуға қабылданды. Бұл азаматтарға №6, 7, 9 кәсіптік-техникалық колледжінің мұғалімдері мекемеге келіп, сабақ кестесіне сай пәндік сабақтарын өткізеді. Барлық мамандықтардың  оқу ұзақтығы 10 ай,   жақсы оқығаны үшін ай сайын шәкіртақы да алып тұрады. Сондай-ақ мамандықтары бойынша диплом алған азаматтар жаза мерзімі аяқталғанша осы мекемеде ақылы жұмысқа орналасып, жалақы алып, қылмыспен келтірген шығындарды өтеуге мүмкіндіктері бар. Жазасын өтеушілер осында мерзімдері біткенше белгілі бір мамандықты иеленіп, мекемеден  шыққанда жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік алады», – дейді әділет майоры Бақыт Әбілова.

«Аспаз» мамандығына оқуға қабылданғанның бірі Асқар мекемеге жазасын өтеп жатыр. Оған ас мәзірімен жұмыс жасау, әр түрлі тағамдар пісіру ұнайды. Асқар өзі сияқты сотталғандардың білім алуына, мамандық иесі атануына мүмкіндік жасап отырған мекеме әкімшілігіне алғысын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: