Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 06 желтоқсан, 19:53

Қызылордада 2,5 ай бұрын қайтыс болған ер адамға зейнетақы төленген

10.01.2024

542

0

 Қызылордада екі жарым ай бұрын қайтыс болған 65 жастағы Бисембай Пірманов әлі тірілер тізімінде тұр. Жақындарының айтуынша, марқұмның есепшотына ай сайын зейнетақысы түседі. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.

Бақилық болған азаматтың туыстары оның өмірден өткенін жақындары дәлелдей алмай жүр.

Бисембай Пірманов өткен жылы қазан айының соңында көз жұмған. Сол уақытта жедел жәрдем қызметкерлері мен полицейлер келіп, зейнеткердің қайтыс болғаны туралы хаттама толтырыпты. Алайда бұл қағаз ешқайда жарамай қалған. Ахметқали Ақанов бажасының қайтыс болғаны туралы анықтаманы ала алмай, талай табалдырықты тоздырып шаршадым дейді.

“Бажам 2007 жылдан бері Қызылорда қаласы Шұғыла шағынауданында 20 пәтерде тұрады. №6 емханаға тіркелген. Бірақ оның тіркеуін Тараз қаласына ауыстырып жіберген. Медицина саласының дұрыс жұмыс істемегенінен мен әлі өлгені туралы құжат ала алмай жүрмін. Өліп қалған адамның атына ақша түсіп тұр”, – деді марқұм Бисембай Пірмановтың туысы Ахметқали Ақанов.

Марқұмның есепшотына екі жарым ай ішінде 240 мың теңгедей зейнетақы түскен. Қызығы, 65 жастағы зейнеткер өмірінде барып көрмеген Тараз қаласындағы емхананың тіркеуінде тұр. Сондықтан облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар анықтаманы бере алмай отыр.

“Мүмкін Жамбылда тіркеп отырған кезде дәл осындай туған күні барлығы сәйкес келетін кісінің ЖСН-ін терген кезде бір саннан қате кетіп, осы кісі тіркеліп кеткен болар. Ол ауруы бойынша тіркеуде болған жоқ. Емханасы біледі. Сол жерде өмір бойы тұрған. Бірақ тіркеуге тұрмағандықтан, бәрін сот арқылы алу керек”, – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Әбубәкірова.

Жауаптылар марқұмның Тараздағы емханада тіркеуге қалай алынғанын өздері де білмейді. Сондықтан зейнеткердің бақилық болғаны туралы анықтама тек сот шешімімен ғана беріледі. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: