Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 19 сәуiр, 23:54

Қызылордада 25 млн теңге жымқырған басқарма қызметкерлері сотталды

11.10.2022

216

0

Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы субсидия қаражатын талан-таражға салған. Ол орындалмаған жұмысқа құжат жасап, субисдия алмақ болған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

Мемлекеттік қызметшілер бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмай, жабдықтар қойылмай, жұмыстың толық орындалғаны туралы жалған құжат әзірлеген және ақпаратты «Qoldau.kz» жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды қол қойған.

Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар келісім-шарт сомасының 10% көлемінде сыйақы үшін жалған құжат әзірлеп, қаржы жымқырған.

Сот шешімімен облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды.

субсидия.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: