Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 05:17

Қызылордада 500 мыңнан аса төлем алушыға 124,3 млрд. теңге зейнетақы мен жәрдемақы төленді

08.10.2022

242

0

Қызылорда облысындағы 538 мың 933 төлем алушыға жыл басынан бері 124,3 млрд. теңге  зейнетақы мен жәрдемақы төленген. Олардың 78 мың 350 зейнеткер болса, мүгедектiгi бойынша жәрдемақы алушылардың саны 23 мың 752 адамды құраған. Ал, Сыр өңіріндегі алтын алқа, күміс алқа алған аналар саны 16 690-ға жетті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының алқа жиынында айтылды.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында 1962 жылдың І жарты жылдығында туылған 1 мың 668 азаматша бар. Олардың 950-не жасына байланысты зейнетақы тағайындалған. Қалған 718 әйел осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтініш білдірген.

Филиал директорының орынбасары Руслан Қалмұратов кей кісілердің зейнетақыға құжат дайындау барысында қиындықтардың орын алып жатқанын да жасырмады. Азаматтардың еңбек кітапшасындағы жазбалардың қате толтырылуынан және олар қызмет еткен мекемелердің әлеуметтік төлемдерді дұрыс аудармауынан қызметтердің орындалу мерзімі ұзарған. Филиал басшысы Аида Абибуллаева ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке жеткен кісілерге барынша қолдау көрсетуді қатаң тапсырды.

«Зейнет жасына жеткен азаматтар еңбек жолын аяқтап, бізге келеді. Олар құжат жинау барысында қажымау керек. Қажет болса клиент қызмет еткен мекемемен байланыс орнатып, мәселесін шешуге ат салысыңыздар. Бізге жүгінген әрбір адам қалаған қызметін жедел әрі сапалы алуы тиіс», – деді Аида Абибуллаева. 

Алқа жиынында жер кадастры саласының жұмысы да сараланды. Филиал тарапынан 2021 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда қаласының жер учаскелерінің жер учаскелерін түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйсі деректер қоры 97,64 пайызғатолықтырылған. Жыл аяғына дейін тапсырылған жұмыс толық орындалады деді сала мамандары.

Техникалық тексеру саласы бойынша жылдың қаңтар мен қыркүйек айларында 14 мың 410 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық 5 мың 625 мәлімет енгізілген. Сондай-ақ, 6 мың 925 техникалық төлқұжат дайындалған.

Жиын соңы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын талдаумен қорытындыланды. Жылдың 9 айында Филиалдың Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы 497 мың 841 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Осы аралықта «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторлары арқылы 1 млн. 385 мың 293 қызмет алынған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға ұлғайған. Филиал директоры Аида Абибуллаева халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмысты жүйелеу керектігін айтты. 

«Біз көрсетіп отырған қызметтердің денін өңір халқы өз бетінше ала алады. Ол үшін түрғындардың цифрлық сауаттылығын дамыту керек. Үйінде интернет желісі мен құрылғылары болса уақытын үнемдейді, қалаған қызметіне оңай қол жеткізе алады. Бірақ бұл жайында көп адам хабарсыз. Осыған орай электронды портал мен арнайы қосымшалар туралы азаматтарға көп мәліметтер ұсынған жөн. Сол кезде адам факторы да азайып, сыбайлас жемқорлыққа да тосқауыл қоятын боламыз»,  – филиал директоры Аида Ибрагимқызы. 

Жиын соңында филиал басшысы комерциялық қызметтердің де сапасын жоғарылату қажеттігін баса айтты. Филиал арқылы орындалатын ақылы қызметтердің құны жеке ұйымдардың қызметтерінен әлдеқайда арзан екенін көпшілік білуі тиіс екенін жеткізді.

WhatsApp Image 2022-10-07 at 20.59.57.jpeg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: