Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сәрсенбі, 01 мамыр, 18:31

Қызылордада 51 көпқабатты үй апатты деп танылған

15.01.2024

357

0

Қалада апатты деп танылған көпқабатты 51 үй бар болса, ондағы 628 тұрғын пәтер кезегінде тұр. Осындай апатты үйлердің 22-і Тасбөгет кентінде орналасқан. 


Қаланы аралау барысында шаһар басшысы Серік Қожаниязов Тасбөгет кентіндегі апатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Серік Салауатұлы өтініштердің назардан тыс қалмайтындығын жеткізіп, жаңадан салынатын көпқабатты үйлерден аталған санаттағы азаматтарға кезектілік тәртібімен жыл сайын 100-ден астам пәтер табысталатындығын айтты. Осылайша алдағы 5-6 жылдың көлемінде қаладағы апатты тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешу жоспарлануда. 


Өздеріңізге белгілі, кенттегі үйлердің бірқатары ескірген. Өжірелері, ауыз су және кәріз жүйелері мен қасбеттері, шатырлары жөндеуді қажет етеді. Осыған орай, шаһар басшысы биылғы жылы жөнделетін 19 үйдің тізімін бекітіп, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, техникалық паспорты жоқ кейбір үйлердің құжаттарын рәсімдеуді жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: