Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне шаруа қожалық төрағасы, уәкілетті орган 2052 жылға дейін жасалған жайылымды жерді жалдау шартын біржақты тәртіппен заңсыз бұзғаны жөнінде шағым түсірді.
Бұл мәселе Қызылорда облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп зерттеліп, аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының әрекеттері Жер кодексінің нормаларына қайшы келетіні анықталды.
Департамент мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде кәсіпкерге жергілікті уәкілетті органмен берілген жер учаскесіне жасалған жалдау шарттарын біржақты бұзу туралы бұйрық жойылды. Осылайша, кәсіпкердің құқықтары қорғалды және жер учаскесін мақсатына сай пайдалануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!