Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:28

Қызылордада күріш өңдеу зауыты өртенді

08.01.2024

335

0

Тілсіз жау салдарынан күріш ақтау зауытында жинақталған шамамен 240 тонна күрішке зақым келген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс».

Оқыс оқиға Қармақшы ауданына қарасты Дүр-Оңғар ауылында орын алды. “Жаңа жол” ЖШС күріш ақтау зауыты ғимаратының шатыр асты ағаштарының 234 ш.м. жануы анықталды. Өртті сөндіруге Қармақшы ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік өрт сөндіру техникасы 15 қызметкер жұмылдырылды.  Өрт бір жарым сағатта толық  жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

– Өрттің болжамды шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Қазіргі таңда оқиға орнында  ТЖД   Өрт зертханасы  және анықтау бөлімінің мамандары  өрттің нақты шығу себебі мен шығынын анықтауда. – деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: