Бүгін Қызылорда облысының 7 сайлау округінде шығып қалған мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Науқан Қызылорда қаласындағы №19, Қармақшы ауданындағы №1 және №4, Жалағаш ауданындағы №12, Сырдария ауданындағы №11 және №12, Шиелі ауданындағы №3 бірмандаттық сайлау округтерінде ұйымдастырылуда.
Сайлау бюллетеніне әр округтен 3 кандидат, барлығы 21 азамат енгізілді.
Маңызды күнде таңмен таласа келген 87 жастағы сайлаушылардың бірі Әбдіқаппар Искаков өз таңдауын жасап, ақ батасын берді.
Қазыналы қария мәслихат депутаттарын сайлау – аманат және жауапкершілік екенін атап өтті. Бұл ретте науқанға үлес қосу әрбір азаматтың құқығы деді.
7 округ бойынша сайлаушыларға 14 учаскелік комиссия қызмет жасайды.
Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!