Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 17:53

Қызылордада медицина мекемелеріне жаңа 26 көлік табысталды

30.12.2023

556

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңа жыл қарсаңында медицина мекемелеріне жаңа санитарлық автокөліктердің кілтін салтанатты түрде табыстап, Сыр медицинасының ілгерілеуіне жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.

«Мемлекет басшысы қоғамның тұрақты дамуы жолындағы ұлт саулығының маңызына ерекше мән беріп келеді. Медициналық қызметтің қолжетімділігін, денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру үшін облыста да кешенді шаралар қабылдануда. Биыл медицина мамандарына, ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, жыл жағымды жаңалықтарымен ерекшеленді. Республикаға белгілі дәрігер хирург Абдулла Шүленбаев Қызылорда облысының Құрметті азаматы атағын алса, дәрігер нейрохирург Шынжырбай Оразмаханұлы «Құрмет» орденімен наградталды. Төрт дәрігер республикалық «Үздік маман» конкурсының жеңімпазы атанып, 2 дәрігер Астанадағы Медицина қызметкерлері күніне орай өткен мерекелік шарада «Алтын шипагер» марапатын иеленді. Денсаулық сақтау саласының ардагері Ернияз Омарұлына ескерткіш-бюст орнатылды. Бұл – өңірде жасалған жұмыстардың бір бөлігі ғана», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Салтанатты іс-шарада облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарына 512,5 млн. теңгеге алынған  25 жаңа санитарлық автокөлік және құны 43,1 млн. теңге тұратын мүгедектігі бар балаларды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автобус табысталды.

Айта кетейік, 2022 жылы 45 жедел жәрдем көлігі алынып, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы 100%  қамтамасыз етілді. Келер жылы да денсаулық сақтау ұйымдарын санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.

Іс-шарада Денсаулық сақтау саласының үздігі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Сағындық Шәмшиев әріптестерін құттықтап, ізгі тілегін арнады. Рәсімде бірқатар үздік қызметкер марапатталды.

Қызылорда облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы құны 11 млрд. теңгені құрайтын 27 нысан құрылысын салу жоспарланған. Жуырда аймақтың 7 ауданында 15 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қалған нысандардың  құрылысы келер жылы жүргізілмек.

FB_IMG_1703925033634.jpg
FB_IMG_1703925036006.jpg
FB_IMG_1703925026299.jpg
FB_IMG_1703925022013.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: