Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 19 сәуiр, 08:14

Қызылордада облыстық «Алтын белбеу» жарысы өтті

12.05.2023

414

0

 Бүгін «Евразия» спорт кешенінде Қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» жарысы өтті.

Жарысты облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов ашып, Сыр өңірінде бастау алған «Алтын белбеудің» маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен бірге, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа Сыр өлкесінің палуандары өз мықтылықтарын дәлелдеп, үш рет «Қазақстан барысы» титулына ие болғандығы, өңірде осы спорт түрінің даму қарқынын көрсететінін айтты.

Бұл жарыстың 1-ші, 2-ші орын иегерлері шілде айында Астана төрінде болатын республикалық «Қазақстан барысы» турниріне жолдама алды. Былтыр осы жарыс жеңімпазы Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы 2022» атанған болатын.

Айта кетейік, бүгінгі «Алтын белбеу» жарысы Сыр елінде он төртінші рет өткізілуде. Облыстық ақтық жарысқа іріктеу ауылдарда, аудандарда өтіп, 4 жас ерекшеліктері бойынша кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген палуандар таңдалып алынды. Екі күнге созылған жарысқа 350 спортшы қатысты.

345665081_625446166164502_8514093508933774195_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: