Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 20:51

Қызылордада орталық емханадан өрт шықты

01.07.2024

349

0

Қызылорда қаласында орталық емханадан өрт шықты. Бұл туралы Zhalagash-zharshysy.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар қызметіне 30 маусымда 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті.

«Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: