Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 17:42

Қызылордада тұмау жұқтырғандар көбейді

14.10.2023

204

0

Қызылорда облысында жыл басынан бері 22 мыңға жуық бала жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдықты. Олардың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар.

Облыста жыл басынан бері 33 456 адам жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққан.

Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі – 21 971.

Ал тұмау ауруы 68 адамнан анықталды, соның 20-сы 14 жасқа толмаған балалар арасында тіркелді.

    «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты тұмаудан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынады. Осы мақсатта тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету бағытында жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцина сатып алынады. Биыл 84 430 доза вакцина қоймаға жеткізілді. Тұмауға қарсы иммундауға Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. Биылғы жылдың қазан айындағы есеп бойынша 25074 адам тұмауға қарсы екпе алды», – делінген Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: