Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 17:39

Қызылордада тұрғындарға қауіп төндірген зауыт ғимараты бұзылатын болды

14.01.2024

453

0

Қызылорда қаласында құр қаңқасы қалған целлюлоза-картон зауыты ескі ғимараты тез арада бұзылады, деп хабарлайды Kazinform. 

Ескі зауыттың қаңқасы тұрғындарға қауіп төндіріп, қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп отыр. Халық арасында ЦКЗ аталып кеткен зауыттың жерін құрылыс нысанын салу мақсатында 2004 жылы жалға алу құқығымен жеке кәсіпкер иемденген.

Осы уақыт аралығында кәсіпкер жерді нысаналы мақсатында пайдаланбаған. Құрылыс алаңын қоршауға бағытталған қандай да бір шараларды қабылдамаған. Осыған байланысты кәсіп иесіне ескерту жасалды.

«Бұл мәселе қала әкімдігінің бақылауында болады. Алдағы күндері жер иесімен зауыт қаңқасын сүру бойынша жұмыстар жүргізіледі», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық әкімдігінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: