Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жұма, 26 сәуiр, 22:26

Қызылордада «Жас ғалым – 2022» облыстық ғылыми жобалар мен инновациялық идеялар байқауы өтті

13.10.2022

315

0

Бүгін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Жас ғалым – 2022» облыстық ғылыми жобалар мен инновациялық идеялар байқауы өтті. 

Бұл шараның басты мақсаты – сырбойылық жастардың біліктілігін арттыру арқылы үздік инновациялық жобалар мен озық технологияларды анықтап, ғылыми-танымдық бағытқа баулу болып табылады. 

Жас ғалымдардың басын біріктірген байқаудың ашылуына Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің директоры Талғат Тілес, химия ғылымдарының кандиданты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің физика және химиялық талдау әдістері инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі Нұрлыбек Ахатаев, ақын Мамыр Байдәулетов қатысты. Олар шараға қатысушыларға сәттілік тілеп, инновациялық жобалардың ел экономикасының дамуына айрықша үлес қосатынын және ғылым жолында әрдайым ізденіс керектігін атап өтті. 

Білімділер сайысына жоғары және орта оқу орындарындағы жастар  қатысты. Олар экология, астрономия, геология сынды бірнеше бағыттар бойынша тың жобаларды таныстырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: