Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жексенбі, 24 қараша, 03:59

Қызылордада жыл басынан бері 150 жуық егіз дүниеге келді

18.09.2024

310

0

Қызылорда облысында жыл басынан бері 12 296 бала дүниеге келді. Оның ішінде 149 жұп – егіздер. Көбінесе егіздер облыс орталығында дүниеге келген.

Айта кетейік, биылғы жылы туылған егіздердің жалпы санының 60% Қызылорда қаласына тиесілі. Мұнда 90 ана егіздерді босанды. Арал ауданы 16 жұп егізден дүние есігін ашты. Үштікті Жаңақорған ауданы 11 жұп егіздермен қортындылайды.

Сонымен қатар, Қазалы ауданында 9 жұп, Шиелі ауданында 8, Байқоңыр қаласында 5, Қармақшы, Сырдария аудандарында 4, Жалағаш ауданында 2 жұп егіздердің дүниеге келді.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша үшемнің тууы тіркелген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: