Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:12

Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

28.06.2022

249

0

Қызылорда облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері және Қарағанды облысы ПД-ң криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген  облыс тұрғыны Қарағанды қаласында ұсталды.

Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары (бұзақылық ниетпен,алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен өлтіруге оқталған) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда.

«Ұсталған күдікті азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полицейлер күдіктіні Қарағанды қаласындағы саябақтардың бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау  изоляторына қамаққа алынды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: