Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:43

Саяси құжат салаға серпін береді

26.09.2023

333

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Саяси құжатта белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналғаны, бүгінгі қоғамның бірқатар өзекті мәселелерін шешуге бағытталғаны қуантарлық жағдай. Сондай-ақ онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартудың тың жолдары айқындалып, заманауи жобаларды жүзеге асыру ісі жоспарланды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жол­дауында қазіргі таңда көптеген әлеу­мет­тік мәселелердің шешімін тауып жатқанын атап, білім саласына да тоқталды. Онда еліміздің білім беру жүйесінің барлық салаларына қа­тыс­ты мәселелер қамтылған. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жаса­луы тиіс. ХХІ ғасыр – білім мен біліктілік сынға түсетін тарихи уақыт. Сол се­бепті өскелең ұрпақтың білім алуына толыққанды жағдай жа­сал­ғанда ғана халқымыз табысты ұлт деңгейіне көтерілмек.
«Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір ша­раларды ерекше атап өткім ке­леді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұға­лім­дердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігер­лердің айлығы да айтар­лықтай көбейді. Қазір олардың та­бысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бө­лігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Мил­лионға жуық адам осы жобаның игі­лігін көрді, тұрғын үй мәселесін ше­шіп, баспа­налы болды. «Жайлы мектеп» жо­басы аясында 400-ге жуық мек­теп са­лынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау ны­саны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бас­тап бала­лардың есепшотына қа­ра­жат түсе бастайды.
Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мем­лекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл Мемлекет басшысының білім саласына деген демеуі деп білеміз. Сондықтан білім саласындағы барша қызметкерлерді Жолдауда айтылған әр бастамаларды қолдауға және бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру ауданда да бастау алды. Оның аясында 740 мың орынға ар­налған 369 мектеп салынатын болса, бұл бойынша Жалағаш кенті орталығынан 300 орындық жаңа мек­теп салу жос­парлануда. Қазіргі таңда 1,3 га жер телімі белгіленді. Биыл жоба-сметалық құжаттары әзір­леніп, 2024 жылы мектеп құры­лысы басталады.
Биыл колледж студент­терінің шәкіртақысы 30 пайызға өсуде. Бұл білім саласына көрсетілген қолдау және білім алушы жастарға үлкен мотивация деп білемін.
«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр­дегі орын мұғалімдікі» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, шәкірттерін те­рең біліммен қаруландырып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруде ұстаздардың еңбегі зор. Қазақ халқы сонау ертеден білім нә­рімен сусындатқан ұлағатты ұста­зы­на деген құрметін аямаған. Мемле­кет басшысының Жолдауында ұстаздар­дың абыройы мен беделін арттыру бағытында біршама өзгеріс бола­тыны айтылды.
Бұдан бөлек Мемлекет басшы­сының Жолдауында еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылып, ел дамуының жаңа міндеттері айқын­далды. Саяси құжат еліміздің әр саласына жаңа серпін беретіні анық.
Мұнан бөлек денсаулық, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік, экономика саласы, бір сөзбен айтқанда, барлық сала қамтылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ІТ саласына да баса көңіл бөлу қа­жеттігін атап өтті. Шын мәнінде бұл сала ел болашағы үшін аса маңызды. Сондықтан өскелең ұрпақтың осы саладағы жетістіктерін де арттыру қажет деп ойлаймын.
Айтылған мәселелердің уақытылы орындалуы үшін баршамыз күш біріктіруіміз қажет. Айқын мақ­сат пен мазмұнды жобаларды жүзе­ге асыруда жемісті еңбек етіп, Жол­даудың орындалуына үлес қосу – ортақ міндетіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді бірге өркендетіп, Әді­­лет­ті Қазақстанды бірге құруға шақырды.
Саяси құжатта айтылған әрбір сөз, әрбір тапсырма әр қазақстандық үшін өте маңызды. Себебі онда біздің кемел келешегіміз жастарымыздың жарқын болашағы үшін, еліміздің өсіп өркендеуі, халқымыздың мызғымас достығы мен парасаттылығы жатыр. Жолдау экономи­ка­мызды­ң өрлеуі мен халқымыздың әлеу­меттік жағдайының жақсаруына қызмет ететініне сенім мол.


Бейбітжан Шілдебаев,
Білім саласының ардагері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: