Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 наурыз, 18:44

Сайлаушылар өз учаскесін қалай таба алады?

10.11.2022

403

0

Сайлаушылар өз учаскесінің мекенжайын бірнеше тәсіл арқылы анықтай алады, деп хабарлайды  Zhalagash-zharshysy.kz

Біріншіден, сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы табуға болады.

Ол үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, тұрып жатқан аймағыңызды таңдайсыз. Содан соң  ЖСН енгізіп, «табу» батырмасын басасыз. Бірер секундтан кейін қажетті ақпаратты ала аласыз.

Екінші тәсіл байланыс операторларының көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ұялы телефонға СМС арқылы ақпараттық сервистің сілтемесі жіберіледі.

Сондай-ақ сайлау учаскесін «1414», «109» call-орталығына хабарласып білуге болады.

Егер сайлау күні басқа елді мекенде болуды жоспарласаңыз, онда өз сайлау учаскеңізге хабарласып, дауыс беру құқығына сырттай куәлік алуыңыз керек. Осы құжатпен сіз басқа елді мекенде дауыс бере аласыз.

Айта кетсек, сайлау учаскесіне жеке куәлікті алып бару қажет. Сондай-ақ eGov, Kaspi қосымшасындағы цифрлық жеке куәлікті көрсетуге болады.

Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада сағат 07:00-20:00 аралығында өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: