Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жексенбі, 30 маусым, 15:03

Сайлаушылармен кездесу өткізілді

27.06.2024

268

0

Ағымдағы жылдың 25 маусым күні «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылық саласының ардагері Асқарова Ханбибімен бірге ауылдық елдімекендерді аралап оның ішінде, шет аймақтардағы фазендалардағы тұрғындармен кездесу өткіздік.


Кездесудегі мақсатымыз – сайлаушылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу, өтініштерін тыңдау, ұсыныстар жинақтау мақсатында сайлаушылардың үніне құлақ түрдік.
Кездесу барысында тұрғындар өздерінің көкейкесті мәселелерін жолдады. Әрине, тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстар депутаттық фракция отырысында талқылауға түсіп, атқарушы мемлекеттік органдарға жеткізілетін болады.


ҚҰРМАНБАЕВА Гүлзат Ердаулетқызы,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты.
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: