Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 09:35

Салада серпін бар

30.10.2023

328

0

Аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетовтың қатысуымен аудандағы жас кәсіпкерлер форумы өтті. Келелі жиында Арнұр Әлібекұлы мемлекет тарапынан салаға үлкен қолдау барын жеткізіп, жастарды сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

– Кәсіпкерлік қаншалықты дамыса, экономика да өр­кендеп, өсе бермек. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту мә­се­лесі әрдайым біздің назарымызда болады. Бүгінде ау­даннан еңбектің әміршісіне айналған кәсіпкер азамат­тар­дың шығып жатқаны көңіл қуантады. Тікелей өз қар­жысына аудан орталығынан зәулім мешіт салған Ерлан Ізбасқанұлының, Дәуімбай елді мекенінен жабық бассейн кешенін салған Қайыржан Құлтекеновтың, Дәуімбай елді мекенінен мешіт құрылысын бастап, жүргізіп жатқан Қайрат Алмасұлының, сондай-ақ жеке емхана салуға ниет білдірген кәсіпкер Бағжан Есентайұлының есімдерін бүгінгі форумда құрметпен атауға болады, – деді Арнұр Нұрмағанбетов
Форумда «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ-ның өкілі Жасұлан Өтеулиев, облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Асылхан Балмаханов кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламар мен жаңа мүмкіндіктерге тоқталды.
Қазіргі таңда Жалағаш ауданында 14 пен 35 жас ара­лығында 10 848 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 30,1 пайызын құрайды. Бүгінге дейін ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3294 бірлікті құрап, оның 95,2 пайызы немесе 3 136 субъектісі жұмыс жасап тұр. Оның ішінде жас кәсіпкерлердің үлесі 42,5 пайызды құрап, саны 1 387-ге жетті. Форум аясында өнім өндіруші жас кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылып, үздік кәсіпкерлерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: