Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-8°C

, Сейсенбі, 10 желтоқсан, 01:42

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жаңақорғанға келеді

31.10.2023

670

0

1 қараша күні Жаңақорған ауданы Екпінді ауылына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді.

Аудан тұрғындары білікті медицина мамандарға қаралып, тегін тексеруден өтуге мүмкіндік алады.

Пойызда терапевт, хирург, стоматолог, отоларинголог, офтальмолог, маммолог, педиатр уролог және заңгер мамандары бар.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станциаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.

Қызмет көрсету уақыты: 1-2 қараша күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін. 13:00-14:00 түскі үзіліс.

Алдағы 3-4 қараша күндері денсаулық пойызы Аққұм ауылына да тұрақтайтын болады.

Аудан тұрғындарын тегін ақпарат алып, ем-шара қабылдауға шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: