Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда салық базасын ұлғайту, елді мекендерді көркейту-көгалдандыру жұмыстары және қосымша бірқатар мәселелер қаралды.
«Елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуы – әрбір әкімнің тікелей жауапкершілігі. Сондықтан әрбір ауыл әкімі өзіне сеніп тапсырылған аумақтың санитарлық тазалығы мен абаттандырылуын үнемі бақылауда ұстауы тиіс. Бұл – науқандық шаруа емес, күнделікті, жүйелі түрде жүргізілуі керек», – деді А.Ибраимов.
Көркейту-көгалдандыру бағытында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ауылдық округтердегі атқарылған жұмыстар мен биыл отырғызылған ағаштар есебі және олардың шығымдылығы туралы баяндалды.
Сонымен қатар, елді мекен аумақтарында абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді бүлдіру, рұқсат етілмеген жерлерге қалдық тастау фактілері бойынша рейдтік жұмыстар ұйымдастыру тапсырылды.
Мәжіліс барысында тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, салық базасын ұлғайту және көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы да қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі күн тәртібінде көтерілген мәселелерге орай тиісті сала басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!