Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 15:57

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына өтті

12.05.2023

405

0

Ташкентте бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жегі басталды. Байрақты додада қазақстандық бес боксшы бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күндізгі сессияда бірінші болып ресейлік Эдмонд Худоян мен Санжар Тәшкенбай (48 келі) жұдырықтасты. Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ қазақ боксшысы өзінің тактикасын қолдана бастады. Нәтижесінде үш раундта да сенімді түрде жеңіске жетті. Есеп – 5:0.

Осылайша, С.Тәшкенбай 2023 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Ол өз мансабында алғаш рет «алтын» үшін жекпе-жек өткізеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: