Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 23:14

Серік Күдебаевты елге қайтару қиынға соғады

05.04.2023

271

0

Заңгерлер елден қашқан генерал Серік Күдебаевты елге қайтару қиын шаруа екенін мәлімдеді. Олардың сөзінше, Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы Қазақстанмен экстрадиция жайлы келісім жасамаған елде жасырынуы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Заңгерлердің айтуынша, экстрадициялау туралы екіжақты келісім арқылы күдіктіні ұстап, елге қайтару көп жағдайда мүмкін болмайды. Себебі келісімде қашқынды қайтару ғана емес, экстрадициядан бас тарту жөніндегі тармақтар болады екен. 

«Өтініш берілгенде «екіжақты соттылық» деген принцип болады. Оған сәйкес күдіктіні ұстау жөнінде ұсыныс білдірген ел мен күдікті жасырынған елдің процессуалды құқығы тең болуы шарт», – дейді заңгер Динара Минисова. 

Мамандар алдағы уақытта Серік Күдебаевтың қашып кетуіне жол берген адамдардың барлығы жазаға тартылатынын айтып отыр. Ал генералды елге қайтару қиын шаруа болады дейді. 

«Меніңше, лауазымын асыра пайдаланған тұлғалардың барлығы қылмыстық жауапқа тартылады. Себебі ешқайда шықпау туралы қолхатпен жүрген адам шекара асып отыр. Қалайша? Бүгінде экстрадициялау туралы екіжақты келісім Ұлыбританиямен, БАӘ, Израиль, Солтүстік Кипр және Косовомен жасалмаған. Демек қашқын өзін экстрадицияламайтын елде деген сөз», – деп мәлімдеді заңгер Бағдат Амандосұлы. 

Еске салайық, 3 сәуірде Талдықорғанда Серік Күдебаевқа қатысты сот шешімі шығуы керек еді. Алайда генерал сот отырысына келмей, кейін оның елден қашып кеткені мәлім болды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: