Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 03 қараша, 20:55

Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысында бірнеше полиция қызметкері лауазымынан босатылды

21.10.2024

533

0

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың ісі бойынша Алматы облысының бірнеше жоғары лауазымды полиция қызметкері отставкаға кетті.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен осы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді.

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды:

Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров;

Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұржан Күнтүнов;

Полиция департаментінің Алматы облысы бойынша экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ұлан Байтақов;

Алматы облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;

Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр;

Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаров.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

ІІМ басшысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Бұл бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: