Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ержан Жанұзақов жасөспірім Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған 9 сотталушыға үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот қаулысымен басты күдікті Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша айып тағылды.
Екінші сотталушы Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оны Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 99-бабы 3-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша кінәлі деп таныды.
Ал Шыңғыс Белғожаев 7 жылға сотталды. Оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша айып тағылған.
Дархан Әскентай 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды.
Нұрқияс Ілиясов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды.
Ал Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға сотталды. Оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша айып тағылған. Оның туысы Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша айып тағылған.
Дидар Қалиахмет Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кәмелет жасына толмаған Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға сотталды.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейін жаза беруді сұраған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!