Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 13:15

Шетелдік көліктерді заңдастыру: жаңа деректер айтылды

27.09.2022

589

0

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тағы бір іс-шара – шетелдік автокөліктерді заңдастыру.

Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан аса шетелдік автокөлік бар. Оның барлығы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен – Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінді (99 пайызы).

«Көліктерді Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең – барлық қажет құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу», – деді министр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: