Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 17:28

Сот кабинеті – заманауи технология

14.12.2022

602

0

 «Сот кабинеті» – сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе, сол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге «Сот кабинеті» арқылы өтініштерді, арыздарды, шағымдар мен өтініштерді дайындау және беру, мемлекеттік бажды онлайн-төлеу сияқты операцияларды орындауға болады.

Казіргі кезде қағаз құжат айналымын азайту және электрондық құжат айналымын пайдалану мүмкіндігін көбейту мақсатында сот органдары өзге мемлекеттік органдармен электрондық құжат айналымының жалпы бірыңғай жүйесі арқылы өзара тиімді іс-қимыл жасап, «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы талап арыздарды қабылдау бағытында жұмыс белсенді түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, арызды (өтінішті) «Сот кабинеті» арқылы қалай беру, қандай форматта беру қажет және ұсынылатын құжаттарға қойылатын шарттарға баса назар аударылды.

«Сот кабинеті» электрондық жүйесі Қазақстан Республикасындағы сот органдарының электрондық сервисіне қол жеткізуді жеңілдетін бірыңғай жүйе болып табылады. Аталмыш сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокаты немесе заңды тұлға өкілі өзіне қолайлы уақытта үйінен немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ, интернет желісі арқылы өзіне қажетті сот құжатын, сонымен қатар іс жүргізу деңгейін қарап, сот актісін басып шығара алады. «Сот кабинетін» қолдану сот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуына үлкен септігін тигізуде және азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаржысын үнемдейді. Сонымен қатар, сотта барлық сот процестері дыбыс-бейне-жазуды қолданумен өткізіледі.

Аталған жаңа технология соттағы іс жүргізуді жеңілдетіп, азаматтар үшін сотқа құжат тапсыру үшін ұзақ кезекке тұруды азайтады.

Жалағаш аудандық сотының бас маманы Р.Аккасинов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: