Қазіргі уақытта сот отырыстары ашық жүргізіледі. Азаматтар сот отырыс залдарына еркін кіріп, сот процесінің барлық сатысына қатыса алады. Сонымен қатар азаматтар процесс барысын жазып алуға, түсіруге құқылы. Азаматтық іс жүргізуде ашықтықты шектеу Конституциямен көзделген әркімнің жеке өміріне, құпиясына қол сұғылуына, ар-намысының қорғаулына, хабарларының құпиясын сақтау құқығын қамтамассыз ету барысында ғана жол беріледі.
Бұған қоса азаматтық іс жүргізу жариялылығын сот рәсімдерінің ашық әрі қолжетімді болуымен, іске қатысты барлық ақпаратпен еркін танысумен байланыстырған жөн.
Сондай-ақ, сот актілері жария түрде хабарланады.
Істі жабық сот отырысында талқылауға іске қатысушылар мен олардың өкілдері, қажеттілік болса куәлар, сарапшылар қатысады. Азаматтық процестік кодекстің 187-бабы бойынша Судья сот отырысы залына кiрген кезде залдағы қатысып отырған адамдар орындарынан тұрады. Шешiм шығармай аяқталатын істегі сот шешiмiн немесе ұйғарымын сот отырысы залында қатысып отырғандар түрегеп тұрып тыңдайды. Іске қатысатын адамдар мен сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар судьяға «Құрметті сот» деп сөйлейді. Түсініктемелер мен айғақтарды, сұрақтар мен оларға жауаптарды процеске қатысушылар төрағалық етушінің рұқсатымен түрегеп тұрып береді. Бұл қағидадан ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкiн. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар сот отырысы залындағы тәртіпті сақтауға міндетті. Осы баптың қағидалары техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы, сот процесіне қатысу ерекшеліктері ескеріле отырып, қолданылады. Сонымен қатар осы кодекстің 188-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылық бары ескертіледі.
Сот отырыс залындағы азаматтардың әрекеті процестің қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс. Яғни, азаматтар заңмен белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті. Заңды күшіне енген сот актілері соттың интернет-ресурстарында жарияланады және заңмен белгіленген шектеулер ескеріліп, жария түрде талқылануы мүмкін.
Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», «Үн-бейне жазба қолдану» тетіктерінің тәжірибиеге енгізілуі одан әрі мүмкіндікті ұлғайтты. Сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында халықпен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда сот жұмысынан барлық адамдар хабардар. Озық технология көмегімен әрбір адам арызын электронды нұсқада ұсынып, оның қозғалысын бақылай алады. Азаматтар арыздың сот өндірісіне қабылдануы істің тағайындалуы, ол бойынша шығарылған шешімдер жөнінде толық мәлімет алу мүмкіндігіне ие. Бұл үшін «Сот кабинетіне» электронды қолтаңба арқылы тіркелу қажет.
Жариялылық пен ашықтық, заманауи технология жетістігі сот әділдігіне ықпалы зор.
Жалағаш аудандық сотының
судьясы А.А.Мизанбаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!