Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде алғаш рет «Арыс 37» атты футболдан аналар командасы құрылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық білім басқармасының хабарлауынша мамыр айында құрылған командада – шаштараз, жеке кәсіпкер, есепші, мұғалім және бала күтімімен үйде отырған аналар бар.
«Арыс 37» командасы жыл сайын аналар арасында Мәскеуде өтетін чемпионатта ел намысын қорғайды. Оған қолдау көрсететін демеушілер де табылған.
Қауырт жұмыстарына қарамастан аналар аптасына үш рет кешкі уақытта доп теуіп, жаттығу өткізеді екен. Айтуларынша, футболға олар өз қызығушылықтарымен келген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!