Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 11 шiлде, 01:08

Спортшыларға діни ұстанымын ашық көрсетуге тыйым салынды

10.07.2025

18

0

Қазақстанда спортшыларға діни ұстанымын ашық көрсетуге тыйым салынды. Туризм және спорт министрінің тиісті бұйрығы келесі аптада күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұйрықпен спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілерге қатысты негізгі әдеп нормалары бекітілді. Соның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйде жүрмеу, марапаттау рәсімдері өтетін жерлерде саяси шерулерге қатыспау, мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясын және мәтінін білу және тағы басқа талаптар бар.

Былапыт сөздер мен діни көзқарасты білдіруге қатысты нақты шектеулер де көрсетілген. Олар:

спорттық іс-шара кезінде немесе одан кейін былапыт сөздер мен нормативтік емес лексиканы, қорлау қимылдарын пайдаланбау;

ым тілі мен мимиканы қоса алғанда, жазбаша немесе ауызша түрде спорттық іс-шараны өткізу алдында, өткізу кезінде және (немесе) өткізгеннен кейін қандай да бір адамға қауіп төндірмеу;

командада өзінің діни нанымын ашық көрсетуге және басқа адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға мәжбүр етпеу.

Министрдің бұйрығы 19 шілдеде қолданысқа енгізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: