Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 21 мамыр, 10:29

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыға 100 АЕК мөлшеріндегі біржолғы өтемақы беріледі

11.04.2024

482

0

ҚР Қаржы министрлігі су тасқыны кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлемдері қалай жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Арай Дәулетқызы республикалық ақпараттық штаб өткізген брифингі барысында Үкімет жергілікті атқарушы органдардың орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл алгоритмімен су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жоспарын бекіткенін айтты.

«Жоспарға сәйкес, әрбір зардап шеккен отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы берілетін болады. Ал қираған үйлер Үкімет резерві есебінен қайта салынатын болады. Өңірлерге қаражат Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы бағытталатын болады», – деді Арай Дәулетқызы.

Оның айтуынша, жөндеуге мұқтаж үйлер әкімдіктердің қаражаты есебінен қалпына келтірілетін болады. Залалды бағалауды әкімдіктер су кеткеннен кейін бірден жүргізеді.

«Саяжай үйлері бойынша өтемақы мөлшері 100 АЕК дейін құрайды. Бұл ретте, егер саяжай жалғыз тұрғын үй болып табылса немесе зардап шеккендер халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын болса, әкімдіктер баламалы тұрғын үй беру мүмкіндігін қарастыратын болады», – дейді Арай Дәулетқызы.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша шығындарды өтеу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

«Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға банктер мен МҚҰ бөлімшелеріне бармай-ақ кредиттер бойынша төлемдерді 3 ай мерзімге (2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін) автоматты түрде кейінге қалдыру беріледі», – дейді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: