Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 04 наурыз, 17:51

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

04.03.2026

5

0

Сыбайлас жемқорлық орын алған қоғамның даму деңгейі төмендейді, бұл – заңдылық. Өйткені қоғам дерті қай салада көрініс тапса, серпін қалыптасуы қиынға соғады, тіпті керісінше құлдырап, кері кетеді. Міне, Қазақстанның бұл дертпен күресте нәтижелі шараларды қолға алуы да сондықтан.

Иә, сыбайлас жемқорплықпен күресу – Қазақстанның басты саясаты. Ал оның толық жемісін көру үшін қарсы күресте баршамыз қалыс қалмауымыз керек. Өйткені бұл дертпен тек құзырлы органдардың күресуі аздық етеді. Барша отандас жұмыла іс қылғанда ғана оның жемісін көреміз. Ол үшін әрбір адам сыбайлас жемқорлықпен күресті өзінен бастауы тиіс.

Дамыған елдердің тарихына көз жүгіртсеңіз, негізінен ол елдерде жемқорлықпен күрес бір ізге түскен. Тіпті уақыт өте ол түрленіп, күшейе түскен. Біз де сондай мемлекеттер қатарынан көріну үшін жемқорлықпен күресті әлі де күшейтуге тиіспіз.

Сыбайлас жемқорлық амалдарына тек пара беру немесе пара алу ғана жатпайды. Өз қызметін асыра пайдаланудың да астарына үңілсеңіз сыбайластық көрініс тапқанын аңғара қоясыз. сондықтан мұндай әдеттерден де аулақ болған жөн.

Мемлекеттің дамуына тікелей кері әсерін тигізетіндіктен әсіресе сыбайлас жемқорлықтан мемлекеттік қызметтер ада болуы тиіс. Жалпы әрбір азамат қоғам дертінен өзін аулақ ұстап, керісінше онымен күреске тамшыдай болса да үлес қосуға талпынса, мемлекетіміздің де келешегі кемел болары сөзсіз.

Дастан БАХТИЯРОВ,

аудандық қазынашылық басқармасы

басшысының орынбасары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: