Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:23

Темекі өнімдеріне – қосымша құн

11.05.2023

543

0

Елімізде әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі халықтың әл-ауқатын арттыру екендігі белгілі. Осы ретте денсаулық сақтау саласының маңызды міндеттері саналатын адам денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстар күн тәртібінен түсіп көрген емес. Оған қоса қоршаған орта тазалығы, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен салауатты өмір салтын ұстануда зиянды әрекеттер де ұшырасып жатады. Солардың бірі – темекі тарту.

Мамандар шылым шегу адам ағза­сына кері әсерін тигізіп, көп­те­ген аурулардың тууына себепші бола­тындығын, бүгінгі күні теме­кі тұтынушылар қатарын толық­ты­рып отырған жастар арасында кальян мен электрондық теме­кі­лерді қолдану жиіленіп кет­кен­дігін айтып келеді.Соның әсе­­рінен созылмалы бронхит, тубер­кулез және басқа да өкпе ауру­­лары асқынып отыр. Аталған өнім­дерді қолданушылардың антиденесі вирусқа қарсы тұра алмайды. Сондықтан адамдар ағ­заға әсер ететін зиянды заттарды пайдаланбағаны дұрыс дейді Халел Досмұхамедов атындағы қоғам­дық денсаулық сақтау мек­тебі қоғамдық денсаулық кафед­ра­сының профессоры Мақсот Құлжанов.

Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының статистикалық мә­лі­метіне сүйенсек, әлемде 1 млрд-тан астам адам темекі шегеді екен. Олар жылына 5,7 млрд дана табак өнімдерін пайдаланып, 1 млн тонна темекі тұқылын тас­тайтын көрінеді. Демек, адамдар шылым шегу арқылы өз ден­сау­лығымен қатар, қоршаған ортаға және айналасындағыларға айтарлықтай зардабын тигізіп отыр деген сөз. Ұлттық тұтыну­шы­лар лигасының президенті Светлана Романовская жастар­дың қолданып жүрген электронды темекісі қауіпті, табакты қыз­­дыратын құрылғының элек­тронды темекі құрылғысын қуат­тау кезінде жарылып кету фактісі жиі тіркелетіндігін және оған міндетті сертификаттың жоқ­ты­ғын айтқан болатын.

Бұған Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымының Теме­кі­мен күресу жөніндегі негіз­де­мелік конвенциясындағы та­рап­­тар бо­йынша елімізде 2006 жылы барлық темекі өнім­де­­ріне қолданылатын саясат пен рет­теу шараларында жаңа те­ме­кі өнімдері, оның ішін­де қыз­дыратын темекі 2018 жылы те­мекі бұйымдарының бірі деп танылған. Деректерге қа­ра­­ғанда, ДДҰ-ға мүшелік ете­тін 200-ге тарта мемлекеттің 30-ына те­ме­­кі өнімін тұтынуға тыйым са­лынса, ал 65 мемлекетте қандай да бір реттеу шара­ла­ры енгізіліп, 20 елде те­ме­кі құрамындағы никотинге бай­ланысты терапиялық неме­се тұтынбалы тауар тәрізді, 18 елде темекі өнімдері ретінде, 31 елде тұтынбалы тауар ре­тінде қолданады екен.

Жақында пайдасынан зияны көп аталған өнімнің бағасына өз­ге­ріс­тер енгізілді. Қаржы ми­нистрі «Фильтрлі, фильтрсіз те­ме­­­кі­лерге, папиростарға, сига­рил­лаға және қыздырылатын теме­кісі бар өнімдерге ең төменгі бөл­шек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрықтың жобасын жа­рия­лап, онда жиырмаға тарта түрі бар темекі өнімдеріне биылғы жылдың шілдесінен бастап жыл аяғына дейін 710 теңге, келер жылы 770 теңге шамасында ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу көрсетілген.

Министрлік бағаның өсуіне темекі өнімдерінің акциз мөл­шер­лемесі 14%-ға ұлғаюы, им­порт­талатын шикізат пен мате­риал­дардың қымбаттауы әрі ло­гис­тиканың едәуір күрделенуі мен инфляция себеп болып отыр­ғандығын, соған байланыс­ты ведомство темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді орынды деп есептейді. Бұған дейін де 2022 жылғы 11 шіл­дедегі №135-VII заңына сәй­кес, Салық кодексіне темекі өнім­де­ріне акциз мөлшерлемесін кезең-кезеңімен көтеруді көз­дей­тін өзгерістер енгізілген. Мем­ле­кеттік кірістер комитетінің бас­па­сөз қызметі мәлімдегендей, фильтрлі темекіге қойылған та­риф­тер бағасы мың данаға 2023 жылы 14 100 теңге, 2024-2025 жылдар аралығында 15 900 теңге, сигариллаға акциз мөл­шерлемесі де темекімен те­ңес­тірілді. Қыздырылатын теме­кісі бар өнімдерге акциз мөлшер­ле­ме­сі өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, теме­кіге акциз ставкасының 70% мөл­шерінде белгіленді. 2023 жылы 9 870, 2024-2025 жыл­да­ры аралығында 11 130 тең­гені құрайтын болды. Сондай-ақ «Са­лық және бюджетке төле­не­тін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының (Салық кодексі) 43-бабына сәйкес, никотинге қатыс­ты мөлшерлемелерді арттыру мақсатында өзгерістер де енгі­зілген. Картридждердегі, резер­вуарлардағы және электронды теме­кіде қолдануға арналған басқа ыдыстардағы сұйықтықтың мил­лилитрі 53 теңгеден 55 теңге ара­лығында.

Сонымен құжатта көрсетілген өзгерістер 19 мамырға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: