Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сенбі, 04 мамыр, 16:43

Темекі шегуді тастасаңыз, ағзада қандай өзгерістер болады?

25.04.2024

572

0

Никотинге деген тәуелділік бірден пайда болмайды, бірақ бірнеше жылдан соң оны тастау қиын болады. Десе де, бұл зиянды әдеттен арылуға болады. Егер темекі шегуді доғарамын деп шешсеңіз, ағзада қандай өзгерістер болады?

Қан қысымы қалыпқа келеді

Темекіні тастағаннан кейін төрт-алты сағаттан соң жүректің соғу жиілігі баяулайды. Денедегі никотин деңгейі шамамен 90%-ға төмендейді және қатты темекі тартқыңыз келеді. Уақыт өте келе никотинге деген ұмтылыс кетеді, қан қысымы қалыпты көрсеткішке жақындайды. Бірақ жаман әдеттен бас тартқаннан кейінгі алғашқы апталарда сіз әлсін-әлсін темекі тартқыңыз келеді.

Уақытша аштық сезімі артады

Темекіден бас тартқаннан кейін келесі күні тамаққа тәбетіңіз артады. Себебі қандағы қант деңгейі төмендейді және қан айналымы қалыпқа келеді. Егер тағы бір рет шыдасаңыз, дене никотинді толықтай жояды. Оңай тыныс аласыз және жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы жақсарады.

Ұйқыдан ояну қиындай түседі

Бұл да уақытша құбылыс. Алғашқы күндері таң атпастан темекі шегуге деген ұмтылыс сізді мазалауы мүмкін. Оған берілмеуге тырысыңыз. Егер бұрын күнде таңертең темекімен қатар кофе немесе шай ішкен болсаңыз, уақытша таңертең кофе мен шай ішуден де бас тарта тұрыңыз. Көбірек су ішуге тырысыңыз және алаңдататын нәрселерді жасаңыз: жаңа хобби игеріңіз, жұмысқа немесе спортқа көбірек уақыт бөліңіз. Сондай-ақ күнделік бастап, онда күнде кешкісін темекіні тастауға байланысты ойларыңызды жазыңыз.

Жөтел пайда болады

Бұған ұзақ уақыт бойы және өте көп темекі шеккен адамдар тап болады. Мамандар жөтелдің пайда болуын дененің түтін компоненттерінен тазарылуымен байланыстырады. Бұл кезде кеуде қысылып, тамағыңыз ауыруы мүмкін. Мұндай жағдайда таза ауада көбірек серуендеген жөн.

Иіс және дәм сезуіңіз жақсарады

Темекіні тастағаннан кейін бір айдан соң иістер мен дәмдер қанық болады. Никотинге деген құштарлық әлі де жүйелі түрде пайда болады, бірақ онымен күресу әлдеқайда жеңіл болады. Осы кезеңде диетаны бақылау маңызды. Кез-келген тағам дәмді бола бастағандықтан, артық тамақтануға бейімділік пайда болуы мүмкін.

Зейін қою жақсарады

Темекі шегетін адамдар темекі тарту процесін медитация деп санайды. Бірақ сіз темекіні тастағаннан кейін темекі шегу көп уақыт пен назарды алатынын түсінесіз. Никотиннен бас тартқаннан кейін бірнеше айдан соң зейініңіздің жақсарғанын және көбірек бос уақыт болатынын байқайсыз.

Созылмалы аурулардың даму қаупі төмендейді

Бір қарағанда, асқазан жарасы немесе остеопороздың темекі шегуге ешқандай қатысы жоқ сияқты. Алайда осы және басқа да созылмалы аурулар темекі шегетін адамдарда жиі кездеседі. Егер сіз тәуелділікті жеңе алсаңыз, жүрек ауруы, өкпе, асқазан және ішек қатерлі ісігінің даму қаупі төмендейді.

Иммунитет жоғарылайды

Темекі шегетін адамдар басқаларға қарағанда ЖРВИ-мен жиі ауырады. Темекі түтінінің құрамында ішкі ағзаларды улайтын химиялық заттар бар. Темекіні тастаған кезде иммунитет қалпына келе бастайды. Бірнеше айдан кейін ағзаңыздың төзімді бола бастағанын байқайсыз. Ал бір-екі жылдан кейін сирек ауыратыныңызды түсінесіз.

massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: