Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сәрсенбі, 17 сәуiр, 03:30

Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар бастау алды

13.04.2023

4875

0

Сыр өңірінде Ұлт руханиятының көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар бастау алды. 

Бүгін аз ғана ғұмырында артына өшпес із қалдырып, Қазақ қоғамның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан аңыз адам, тарихи тұлға Темірбек Қараұлының 125 жылдығына арналған «Ұлт руханияты және Т.Жүргенов мұрасы: жасампаздығы мен зерттелу кеңістігі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға белгілі ғалымдар, ҚР ҰҒА Академиктері, зиялы қауым өкілдері, мемлекет қайраткерлері, сонымен бірге, облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов, Халықаралық «TURKSOY» ұйымының бас хатшысы С.Раев қатысты.

Жиынға қатысушылар Т.Жүргеновтің қайраткерлік, қаламгерлік, азаматтық болмысы жайында ой бөлісті. Арда азамат туралы естеліктер айтып, қайраткердің республика тарихында алар қоғамдық-саяси орны, қаламгерлік мұрасы, жас ұрпаққа берер өнегесі туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасында «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы» тақырыбында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Көрменің мақсаты – қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің тағылымы мол өнегелі ғұмырын кейінгі өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау. 
Шараға қатысқан конференция қонақтары, зиялы қауым өкілдері көрмемен танысып, әдебиеттерге шолу жасалды.

Мерейтойлық іс-шаралар Н.Бекежанов атыдағы Қазақ музыкалық-академиялық драма театрында өтетін Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» қойылымымен және «Жыр арқауы – Жүргенов» атты республикалық жыр мүшайрасымен жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: