Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 08:48

«Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалі тағайындалады – Президент Жарлығы

09.04.2023

517

0

Ұлттық валюта – теңгенің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған мерекелік медальді бекіту туралы Президент Жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесінің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толу құрметіне қаулы етемін:

1. «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

2) «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін», – делінген Прзидент Жарлығының жобасында.

Құжатта көрсетілгендей, мерекелік медальді мына лауазымдағы тұлғалар Мемлекет басшысының атынан табыстауға құқылы:

– Ұлттық банк төрағасы;

– Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары;

– Ұлттық банк филиалдарының, Ұлттық банктің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің және Ұлттық банк ұйымдарының бірінші басшылары;

– Ұлттық банктің төрағасы айқындайтын уәкілетті тұлғалар.

«Мерекелік медальмен ҚР ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесінің және ҚР қаржы жүйесінің дамуына және нығаюына, ҚР мемлекеттілігінің қалыптасуына және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ҚР азаматтары және шетел азаматтары наградталады», – делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Президент Жарлығының жобасы 21 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Мемлекет басшысына жолданады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: