Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:15

Тоқаев 71 жасқа толды

17.05.2024

937

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 71 жасқа толды.

Ол 1953 жылы 17 мамырда жазушы Кемел Тоқаев пен Алматы шет тілдері педагогикалық институтының қызметкері Тұрар Шабарбаеваның отбасында дүниеге келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназияны бітірген. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (МГИМО) оқыды, 1975 жылы бітіріп шықты.

Қазақстан басшысы бес тіл біледі: қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз.

Ел басшысы көркем, саяси және мемуарлық әдебиеттерді оқығанды жақсы көреді.

Тоқаев баспасөзді шолып отыруды да әдетке айналдырған.

«Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, белгілеп қоямын. Егер басылым өзекті мәселе көтерсе, нақты тапсырмалар беремін», – дейді ол.

Мемлекет басшысы өзінің туған күнін тойлауды ұнатпайды. Оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтар отбасы бұл күнді атап өтпейтінін айтқан болатын.

Президент туған күнін әдеттегі жұмыс режимінде өткізеді, жалпы ол өте сирек демалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: