Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Дүйсенбі, 31 наурыз, 11:46

«Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын-алу»

25.02.2025

250

0

Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) — біздің елімізде балалар мен ересектердің жұқпалы ауруларының ең көп таралған тобы.
Аурудың көзі тұмаумен ауыратын науқас болып табылады, ол жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде сілекей мен шырыштың шашырауымен бірге миллиондаған тұмау қоздырғыштарын ауаға шығарады. Ластанған ауамен тыныс алғанда тұмаудың қоздырғыштары – вирустар сау адамның ағзасына еніп, ауру тудырады.
Балалар арасында тұмау мен ЖРВИ-мен ауыру жыл сайын ересектерге қарағанда 4-5 есе жоғары. Бұл баланың денесін қорғауды қамтамасыз ететін иммундық және анатомиялық-физиологиялық механизмдердің жасқа байланысты жетілмегендігіне байланысты. Олар қалыптасқанға дейін бала вирустар мен инфекцияларға сезімтал әрекет етеді. Дәрігерлердің бақылауы бойынша балалар ЖРВИ-мен жылына 5 реттен жиі ауырады.
Тұмауратқанда үйден шықпай, көбірек демалып, жылы сұйықтық (су, шай, компот, морс, сорпа және тағы басқа) ішу керек. Тұмаудың алдын алу үшін қоғамдық орындарда маска тағып , жыл сайын тұмауға қарсы екпе салдырған жөн. Келесідей тәсілдер тұмаудың алдын алады:

  • науқас адаммен байланыста болмауға тырысу;
  • тыныс алуды реттеу, бұлар өкпенің вентиляциясын жоғарылатады, қан айналымы жүйесін жақсартады;
  • жеке гигиенаны сақтау, инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу;
  • жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу;
  • бөлменің ауасын жиі тазарту;
  • «С» дәрумені бар өнімдерді тамақта қолдану (лимон, бал, таңқурай және тағы басқа);
  • көп адам жиналған жерде болмауға тырысу;

Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Г.Айымбетова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: