Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Сенбі, 02 қараша, 13:29

Тұрғын үй, тұрақты жұмыс. Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге қандай көмек көрсетіледі?

24.01.2024

375

0

Өткен жылы оңтүстіктен солтүстік өңірге 9 мыңға жуық тұрғын қоныс аударған. Оның ішінде 6492 -сі ел аумағында аймақ ауыстырғындар болса 2337 қандас солтүстікке табан тіреген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ел ішіндегі көші-қон «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Жоба мақсаты өңірлер арасындағы еңбек күшін теңестіру.

2021 жылы Астанадан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына қоныс аударғандар қатарында Құралай Масатбаева да бар. Ол Тайыншаға келгелі тұрмысы түзеліп, жеке кәсібін бастағанын айтты.

«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша жоғары білімі бар Құралай 2023 жылы 1 млн 380 мың теңге сомасында мемлекеттік грант алып, шағын кондитерлік дүкенін ашқан.

«Көшкеннен кейін отбасымызға 612 570 теңге сомасында көшуге материалдық көмек берілді, сондай-ақ бізге қаладан мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үй берілді», деді қоныс аударушы.

Айта кетейік, Ұлттық жоба аясында қоныс аударушыларға мынадай мемлекеттік қолдау көрсетіледі: 

  • көшуге арналған субсидия – отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек;
  • отбасы мүшелерінің саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;
  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу;
  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
  • Экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

«Бұдан басқа өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге де тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылдаған әрбір қызметкері үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі. Өткен жылы барлық қоныс аударғандардың ішінде 4 158 адам еңбекке жарамды болып, оның 3 079-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған, 164 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысса, 35 адам бизнес ашу үшін гранттар алды», делінген министрлік хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: