Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:20

Тұрғындардың өтініштері тыңдалды

04.07.2023

306

0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, партия фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев және Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Әмірбек Шаймағанбетов Жалағаш аудандық партия филиалында тұрғындардың өтінішін тыңдады.
Тұрғындар Ақсу елді мекенін газдандыру, №31 мектеп-гимназияны күрделі жөндеуден өткізу, жайымдылық жерлерді кеңейту және білім ордаларын күрделі жөндеуден өткізу сынды мәселелерді көтерді.
Тұрғындар мәселесін мұқият тыңдаған халық қалаулылары заң аясында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мәселелердің шешімін табатынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: