Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 01:07

Тұсаукесер: «Қорқыт» тарихи телехикаясы эфирге шығады

13.12.2023

480

0

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген төрт бөлімді «Қорқыт» биографиялық драмасы 16 желтоқсанда эфирге шығады. Телехикаяда аңыз тұлға болып танылған Қорқыттың дүниеге келуінен бастап, сәуегей, абыз ретінде қалыптасу жолына дейін көрсетіледі, деп хабарлайды ұлттық арнаның баспасөз қызметі.

Телехикая сценарийі әлемдік деңгейде зерттелген «Қорқыт ата» кітабына, атап айтқанда «Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы жыр» желісі негізінде түсірілген.

 Түсірілім Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында өтті. Жобаның тарихи кеңесшісі әрі сценарий авторы – этнограф Берік Жүсіп. Режиссері – Қанағат Мұстафин.

Қорқыттың әр кезеңдегі рөлдерін актер Дінислам Нұрмағамбет, Әділ Ахметов және Айдос Бектемір сомдайды. Сонымен бірге негізгі тарихи рөлдерде Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Медғат Өмірәлі ойнап шықты.

Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актері Аскат Сулаймановтың рөлдері бар.

 Телехикая 16-17 желтоқсан күндері сағат 14:40-та «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының эфирінен екі бөлімнен көрсетіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: