Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 17 мамыр, 07:50

Тұтынушы құқығын қорғайтын бірлестіктердің мәртебесі артуы мүмкін

07.09.2023

364

0

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тұтынушы құқығын қорғайтын жеке қоғамдық бірлестіктердің мәртебесін көтеруді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің мәртебесі және олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі орны көзделген. Бұл ретте, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР заңдары қоғамдық бірлестіктердің заңды тұлғалар ретіндегі жалпы құқықтық жағдайын айқындайды. Алайда, бүгінгі күні тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің негізгі әрі жалғыз проблемасы – қаржыландырудың болмауы. Көп жағдайда қоғамдық негізде жұмыс істейтін зейнеткерлік және зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар ұсынатын тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің жұмысы көрінеді. Республика бойынша тұтынушылардың 178 қоғамдық бірлестігі тіркелген. Оның ішінде бүгінгі күні 40%-ға жетер-жетпесі ғана жұмыс істеп тұр», – деп мәселе көтерілген Ашық НҚА порталында жариялаған консультативтік құжатта.

Агенттік бұл олқылықтың орнын толтыру үшін тұтынушылардың құқығын қорғаумен айналысатын жеке ұйымдардың мәртебесін арттыру орынды деп есептейді.

Бүгінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне қандай да бір азаматтың өтініші негізінде сотқа талап-арыз жолдау құқығы берілген.

Дегенмен олардың залалды өтеу жөнінде шағым түсіруге хақы жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: