Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Сәрсенбі, 08 сәуiр, 16:07

Туберкулез: қауіпті дерт және оның алдын алу

08.04.2026

4

0

Туберкулез – адам ағзасына әсер ететін жұқпалы аурулардың бірі. Бұл дерт көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерге таралуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы – микобактериялар, олар ауа арқылы адамнан адамға жұғады.

 Туберкулез негізінен:

Жөтелгенде, түшкіргенде ауа арқылы.

Ауру адаммен ұзақ уақыт бір бөлмеде болғанда.Иммунитеті әлсіреген адамдарға оңай жұғады

Белгілері:

Туберкулездің алғашқы белгілері көп жағдайда байқалмай, біртіндеп дамиды:2–3 аптадан астам созылатын жөтел

Қақырықта қанның болуы.Дене қызуының көтерілуі

Түнгі тершеңдікӘлсіздік, тез шаршауСалмақ жоғалту

Анықтау және емдеуТуберкулезді ерте анықтау өте маңызды. Ол үшін:Флюорография немесе рентген тексеруі

Қақырықты зерттеуАрнайы сынамалар жүргізіледі

Емдеу ұзақ уақытты талап етеді (6 айдан 1 жылға дейін).Науқас дәрігердің нұсқауын қатаң сақтауы тиіс, өйткені емді үзсе, ауру асқынып, басқа адамдарға жұғу қаупі артады.

Алдын алу шаралары

Туберкулездің алдын алу үшін:

  • Уақытылы вакцина алу (БЦЖ)
  • Жеке гигиенаны сақтау
  • Дұрыс тамақтану,
  • иммунитетті күшейту
  • Үй-жайды жиі желдету
  • Жыл сайын медициналық тексеруден өту

Туберкулез – алдын алуға және емдеуге болатын ауру. Ең бастысы – дер кезінде дәрігерге қаралу және емді толық қабылдау. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау әр адамның өз қолында.

Г.Айымбетова – басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: