Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сәрсенбі, 01 мамыр, 01:36

Туған өлке: 300 көшет отырғызылды

16.04.2024

361

0

Өткен аптада республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Өткен апта аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қатысуымен «Менің туған өлкем» акциясы тақырыбында экологиялық акциясы және санитарлық тазалық жұмыстары болып өтті.

Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арығы, каналдардың көзін ашқан. «Атаңнан мал қалғанша тал қал­сын» дейтін дана халқымыздың өсие­тін өмірлік ұстаным етіп бекіткен жалағаштықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты.
Шара барысында «Ақтерек» са­уық­­тыру лагерінде санитарлық та­залық жұмыстары жүргізіліп, 100 дана ясень ағашы, 100 дана терек, 100 дана жеміс ағашы, жалпы саны 300 көшет отырғызылды.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция­сына орай кент және ауылдық округ­терде 6 сәуірден бастап санитарлық тазарту, көгалдандыру, тал егу ак­циясы қарқынды жүргізілуде.
Шара келесі күні жаппай сен­білік жұмыстарымен жалғасын тапты. Жа­лағаш кентінде ғана емес, ауыл­дық округтерде де жаппай сенбілік шара­лары ұйымдас­тырылды.
Сенбілік барысында тазалық жұ­мыстарымен танысқан аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы аймақтар бо­йын­ша жауаптылар тазалықпен қатар көше тұрғындарына, жалпы халыққа тұрғын үй маңын­да көр­кейту-көгал­дандыру, санитарлық-та­залықты сақ­тау керек екенін, туған жердің таза болуын тек сенбі күні ғана емес, үздіксіз бақы­лап, мә­дениеттілікті арттыру қажеттігін де атап өтті. Сонымен қатар аяқ су жүретін қарықтарды қазу жұ­мыс­­тарын жылдамдатып, тұр­ғын­дар тарапынанда тазалық жұмыс­тарына белсенділік болу қажеттігін айтып, қоғамдық жұмыста жүрген қызметкерлермен кездесіп, туған жер­дің келбетін көркейтуде қосып жат­қан үлестеріне өз алғысын білдірді.
Расында ауданның көркеюі мен тазалығында дәл осындай сенбілік-тердің алар орны ерекше. Осындай жұмыстар арқылы көшеде өсіп тұрған тал діңгегі әктеліп, артық шөп тазарып қалады, тазалық сақтауға бір адам­дай аудан тұрғындарының атса­лы­суының арқасында өңір та­за қал­пын сақтауда. Бұл шара арқы­лы тұр­ғындардың табиғатқа де­­­ген жақсы қарым-қатынасын қалып­­тас­тыруға және көшелердегі та­­за­лықты сақтау, эко­ло­гиялық мә­де­ниетті қалып­тасты­рып, сани­тар­лық жағ­дайын жақсартуға болады.
Сенбілік жұмыстарына аудан б­ойынша меншік нысанына қара­мас­тан барлық 145 мекемеден 1800-ге жуық адам қатысып, 20 дана техника жұ­мылдырылды. Кө­шелер мен саябақ­тардағы қоқыстар тазартылып, қу­раған талдар кесілді. Аяқсу жүретін арықтар қураған жапырақтардан та­зартылып, 12 тон­наға жуық күл-қоқыс белгі­ленген орындарға шы­ғарылды. Сондай-ақ сен­білік жұ­мыс­тарының аясында кө­шелер, аллея­лар мен саябақтарда 1500 түп ағаш отырғызылды.

Ақнұр АЛТЫНБЕК

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: